Санатория туралы

Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаториясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 100 орындық 1950 жылдан бастап қызмет атқаруда.

Санаторийдің мақсаты 3 жас пен 18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге білікті және мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыру болып табылады. Балалар мен жасөспірімдерге туберкулезге қарсы көмекті, яғни жалғастыру кезеңінде негізгі химиотерапиялық емін толық жүргізу, балалар мен жасөспірімдерге санаторлы-курортты емді, рецидивтің алдын алу, туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдерді ошақтан оқшаулау және бақылаулы химиопрофилактикалық еммен бірге мектеп бағдарламасы бойынша оқытуды жүргізу.

Емдік - сауықтыру мақсатында:

1.Стоматологиялық кабинет – ауыз қуысына толық диагностикалық тексеру жүргізіледі және де сүт және тұрақты тістерінің тіс жегісі, гингивит, стоматит, пульпит пародантит және т.б. қызыл иектің патологиялық жағдайын емдейді.

2.Физиотерапиялық кабинет – УФО, ингалятор аппараттарымен қамтылған(Қосалқы ауруларды емдеуді - жедел респираторлы ауру, катаралды ангина, отит және басқалары).
3.Емдік дене шынықтыру кабинеті (ЛФК) – Велотренажер, шведтік қабырға, жүгіру жолағы, құрғақ бассейн, теннистік столы бар.Онда әртүрлі жаттығулар өткізіледі: жалпы шынықтыру, тыныстық, коррекциялық, нүктелік массаж.
 
Санатория құрылымында жұмыс жасайды:

1.Рентген кабинетте - өкпенің шолу рентгенографиясы, томографиясы жасалады.

2.Клинико - диагностикалық зертханада жалпы қанның, зәрдің, қанның биохимиялық сараптамалары және нәжіс талдау жүргізіледі.

Санаторийде 5 мезгіл тамақ беріледі.Тамақ рационында І-і тамақтың 12 түрі, ІІ-тамақтың 16 түрі дайындалады, көкөніс, жеміс-жидектер және бақша дақылдарымен жыл бойы қамтылады. Тамаққа орташа есеппен күніне 1 балаға 500-600 теңге жұмсалады. Тәуліктік тамақтың каллориясы жас ерекшелігіне байланысты.3 жас – 7жасқа дейін 3250 ккал, 7 жас - 14 жасқа дейін 3660 ккал,15жас – 18 жасқа дейін 4400 ккал құрайды.

Санатория аумағында бөлек мектеп ғимараты бар. Мектеп құрылымында оқу кабинеттері, 1 мен 11-і сыныптарға арналған, сондай-ақ дайындық тобы бар. Балалар мен жасөспірімдер санаторлы еммен бірге жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік стандарттарына сәйкес білім мен тәрбие алады. Балалар мен жасөспірімдердің толыққанды және саналы демалысы үшін әртүрлі үйірмелер – шебер қолдар «Моншақ», «Жас аспаз мектебі», «Ақ желкен» шығармашылық орталығы, балалар қуыршақ театры жұмыс істейді. Ағылшын тілі сабағы қосымша барлық сыныптарға жүргізіледі.Санаторийде «Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі» құрылып,жұмыс атқарып келеді.