» » Химиопрофилактиканы санатория жағдайында алудың маңызы

Химиопрофилактиканы санатория жағдайында алудың маңызы

                   Химиопрофилактиканы санатория жағдайында алудың маңызы


          Туберкулез – туберкулез таяқшаларымен қоздырылатын жұқпалы дерт немесе оның басқаша атауы – Кох таяқшасы. Дерт көбіне ауалы-тамшылы немесе ауалы-шаңды жолымен, атап айтқанда туберкулез микробтары бар ауа немесе шаңмен тыныс алғанда жұғады. Алғашқы жұқтыру, немесе медицина тілінде айтар болсақ – инфицирлену («Жұқтыру») Манту сынамасының оң түрімен (Виражбен) анықталады. Оң Манту сынамасы – бұл бала организмінің бірінші Кох таяқшасына реакциясы. Мұндай балалар міндетті түрде фтизиатр-дәрігердің тексеруінен өтуі тиісті – қан, зәр, ішекқұрт жұмыртқасына нәжіс тапсырады, кеуде қуыс органдарының рентгенографиясын жасап, отбасының ересек мүшелері міндетті түрде өкпенің флюрографикалық тексеруінен өтуі қажет.

Егер балаға туберкулин сынамасына вираж диагнозы қойылса, онда оны туберкулезге қарсы диспансерге есепке алынып және оған химиопрофилактика тағайындалады.

Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаториясында балаларға  химиопрофилактика  бақылаулы, уақтылы бір мезгілде жүргізіледі. Химиопрофилактика тиімділігі жоғарылығымен ерекшеленетін изониазид препаратымен жүргізіледі, ол жеңіл қабылданады және ауыз қуысы арқылы қолданылады, яғни ішуге болады. Профилактика курсы 6 ай, оны медицина қызметкерінің бақылауымен шипажайлық үзіліссіз қабылдаған жөн.

Санаторияда үйлестірілген дәрумендер мен микроэлементтермен байытылған 5 мезгіл тамақ беріледі. Тамақтану рационының ассортименті сұйық тамақтың (бірінші тамақ) 12 түрі және қою тамақтың (екінші тамақ) 16 түрінен тұрады. Тамақтану рационына жыл бойына көкөністер, жеміс-жидектермен бақша дақылдары кіреді. Жас шамасына байланысты тәуліктік калория мөлшері: 3-7 жас – 3250 ккал; 7-14 жас – 3660 ккал; 15-17 жас – 4400ккал.

Емдік-сауықтыру мақсатында:

    -  Стоматологиялық кабинет

    - Физио-терпапевтикалық кабинет (УФО,ингалятор, УВЧ, оттекті коктейль,электросон «Эл-Эскулап»)

    - Емдік физкультуралық кабинет (велотренажер, гимнастикалық қабырға, жүгіру жолағы, теннис столы, құрғақ бассейн) жұмыс жасайды.

Химиопрофилактика – ағзаға түскен туберкулез таяқшалары ауру тудырмау үшін туберкулезге қарсы препараттарды қолдану деген ұғымды береді.Химиопрофилактика туберкулезге қарсы қалыптасқан табиғи иммунитетті бұзбаумен қатар, сондай-ақ бактериялардың көбеюіне тосқауыл қою жолымен туберкулезге шалдығу қаупін едәуір төмендетеді, яғни ДДҰ-ның деректері бойынша химиопрофилактика қабылдаған балалардың 90%-ға жуығы туберкулез ауруымен ауырмайды.

Химиопрофилактикалық еммен бірге мектеп бағдарламасы бойынша 1-11 сынып аралығында оқыту жүргізіледі.

              

Сондықтан химиопрофилактиканы алу санатория жағдайында

                                                                        маңызды да тиімді!

22 қыркүйек 2017 ж. 800