» » Санатория жағдайындағы білім беру мен тәрбие жұмысы

Санатория жағдайындағы білім беру мен тәрбие жұмысы

Санатория жағдайындағы білім беру тәрбие жұмысы

 

«Қызылорда облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаториясы» жанындағы мектепте 26 педагог және 15 тәрбиеші қызмет атқарады. Барлығы жоғары білімді, 20-ы бірінші санатта, 13-і екіші санатта. Олар ҚР Білім және ғылым министрінің бұйрығын басшылыққа ала отырып, мектеп бағдарламасына және биылғы 5,7 сыныптарға араналған жаңартылған сәйкес білім беруде.

Білім беру жүйесі модернизацияланған заманда көп тілді менгертуге аса назар аударылып, жан-жақты жол ашылған. «Келешекке кемел біліммен» - деп Елбасы ұстаным еткендей, келешекке терең біліммен қадам басып, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған,бірнеше  тілді еркін менгерген тұлғаны қалыптастыру – бүгінгі күннің басты мақсаты.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» - деп айтылғандай жас ұрпаққа саналы, мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру дәл қазіргі күн талабы. Елбасымыздың үш тілді білім беру жөніндегі бастамасын қолдау мақсатында санаторияда емделіп, білім алып жатқан балалардың сапалы білім мен жақсы тәрбие алуы үшін «Ақ Желкен» шығармашылық орталығы, «Ақ моншақ» шебер қолдар үйірмесі, «Жас аспазшы» үйірмесі, «Ертегілер елінде» қуыршақ театры, «Ағылшын» үйірмесі, «Компьютер» сыныбы, «Шағын кітапхана» жұмыс жасайды. Жәнеде ашық сабақтар мен тәрбие сағаттары заман талабына сай жаңа технологиямен өтілуде.

Дені сау ұрпақ болашақ кепілі дегендей, баларымыздың көңіл күйін жақсарту, өмірге деген көз қарасын арттыру,  салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында бүгінгі заман талабына сай  жабдықталған ойын алаңы ашылды. Балалалардың жақсы дем алып, әрбір күнін қызықты өткізіп, сапалы білім алуына барлық жағдай жасалып отыр.

06 қазан 2017 ж. 794